Пікір

Медиацияны дамытуымыз керек

Ақмарал ОМАРОВА,

Ембі қалалық кәсіби емес медиаторлар кеңесінің мүшесі.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында барлық салаға жеке-жеке тоқталды. Оның ішінде медиация саласына да ерекше көңіл бөлу керектігін баса айтты.

Ел Президенті: «Медиация туралы» Заң 10 жыл бұрын қабылданса да, қазіргі таңда медиация саласы баяу даму үстінде» деген болатын. Түсінген адамға медиацияға жүгінудің пайдасы көп, өйткені әрбір адам істің сотқа кетуіне қарсы, сотқа кетті дегеніңіз — болашақта қиындық тудыратын күрделі процеске айналары анық, сол үшін медиацияны әрі қарай дамытуымыз керек. Президент өз Жолдауында енді іске көшу қажеттілігін баса айтты. Қай салада болмасын сауатты, білімді, өз ісін білетін, қолға алған жұмысын шын ықыласымен жасайтын кәсіби маман, яғни өз елінің патриоттары еңбек етсе, Қазақстанның тұрақтылығы сақталып, алар асуы биік болары анық.

ҚАЛЫПТАСУДЫҢ НЕГІЗІ

Жыл сайын мұғалімдердің еңбекақысы көтеріліп, осы бағытта игі істер жасалып жатады.  Ұзақ жылдар осы салада еңбек еткеннен кейін әрбір жақсы жаңалыққа қуанамын.

Жақында Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тағы бір рет шолып шықтым. Бұл құнды құжатта ұрпақ тәрбиесі және мұғалімдер қауымына қатысты да өте бағалы ойлар мен тұжырымдар айтылыпты. Президент ұстаз беделінің артуы, еңбекақының жыл сайын көтерілуі білікті де білімді, «ұстаз» деген атқа лайықты нағыз мамандар мектебінің қалыптасуына негіз болатынын атап өтті. Іргесі бекіген еліміздің жаңа белестерге жетуі жолында жауапкершілік жүгін жұмыла көтерсек, жұмыс нәтижелі болатыны анық. Жолдауда көзделген зор және тың міндеттерді жүзеге асыру халқымыздың ортақ ісі болуы тиіс.

З.БЕКЕТОВ,

Әйтеке би аудандық  білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button