Спорт

Чемпион сенбіде анықталады

Футбол

1 қарашада Премьер-лиганың 31 турының ойындары өтті. Бұл күні жерлестеріміз көрші «Атырауды» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Есеп ойынның екінші жартысында ғана ашылды. Алдымен  61-минутта төреші белгілеген айып добын Самат Смақов дәл көздеді. 71-минутта Марат Хайруллин қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып, екінші голды соқты. Осылайша «Ақтөбе» аса қажет үш ұпайды қоржынға салды.

Алайда «Ақтөбеден» бір ұпай алда келе жатқан Қостанайдың «Тобылы» да бұл турда кезекті жеңіске жетті. Қостанайлықтар өз алаңында Астананың «Локомотивін» 2:0 есебімен жеңді. Мұндағы жағдай да біздегіге ұқсас. Бірінші гол пенальтиден соғылды. Голдың авторы — Бакаев. Екінші гол Қуантаевтың еншісінде.

Бұл күні Павлодарда «Ертіс» Қарағандының «Шахтерына» бір гол соғып, басым түсті.

Сонымен алтын медальдың тағдырын алда 6 қарашада өтетін соңғы турдың ойындары шешетін болды. Бұл күні «Ақтөбе» Қарағандыда «Шахтермен», ал басты қарсыласымыз «Тобыл» Атырауда «Атыраумен» ойнайды. Қола медаль иегері Астанада «Локомотив» пен «Ертіс» арасындағы ойынның нәтижесі бойынша белгілі болады.

Әзірге Премьер-лигамен қоштасатын командалар анықталып қалды. Олар: Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Оралдың «Ақжайығы».

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button