Пікір

Болашақтың айқын бағдары

Жұмабике ҚАЛИЕВА,

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы

Аналар кеңесінің төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауын біз, Аналар қауымы да зор ықыласпен қабылдадық. Жолдауда маңыз берілген мәселелердің барлығы отандастарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел экономикасын дамытуға септігін тигізеді деген ойдамын.

Әсіресе «Аңсаған сәби» бағдарламасы әр шаңыраққа шаттық сыйлар бала сүю бақытына қол жеткізуге қолдау екені белгілі. Сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы баспанаға қол жеткізуді субсидиялау, денсаулық, жер-су, экологиялық тазалық сияқты көптеген әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған жұмыс жоспарлары көңілден шықты. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы жалғасатыны, халықтың ұсыныстарын қабылдау, ұрпақ тәрбиесінде білім сапасы мен ғылымға бет бұру жаңа бағыттар болды.

«Адам баласы бір-бірінен ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деп Абай айтқандай, Президент Жолдауындағы әр тарау ойдан шықты. Өйткені, біз аналар әрдайым осы салалар қызмет ететін тірліктің бәрінің басы қасында жүріп, тікелей байланыста боламыз.

Президент атап көрсеткен терең білім, темірдей тәртіп, әділдік, адалдық, ысырапшылдыққа жол бермеу секілді басқа да азаматтық ұстанымға тән адами қырлар біздің Аналар қауымының да ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстанымы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button