Әлеумет

Медиаторлар көмегі

Қайырымдылық

Осы айдың басында Құмжарған ауылында оқыс оқиға орын алып, тұрғын үйлер өртеніп, үш отбасының үйсіз қалғанын жазған болатынбыз. Бүгінде қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек беріп, қолдау көрсетіп жатқан қайырымды жандар да бар.
Солардың бірі — аудандық медиаторлар кеңесінің мүшелері ұйымдастырған гуманитарлық көмек керуені Құмжарғанға барып, зардап шеккен отбасылармен кездесті.
— Ақтөбе облыстық медиация орталығына қарасты аудандық медиаторлардың қолдауымен қайырымдылық шарасын ұйымдастырып жатырмыз. Аудан медиаторлары болып Құмжарған ауылына барып қайттық. Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарды көзімізбен көріп, бүгінгі жағдайымен таныстық. Оларға азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешектер апарып, көмегімізді көрсеттік. Мұндай қайырымдылық шарасы әлі де жалғасады, —  дейді кәсіби медиатор, заңгер Гүлзия Иманбаева.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button