Денсаулық

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

2020 жылдың 20-қыркүйегінде облыс бойынша COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3236 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1582) және 51%-ы симптомсыз (1654) жағдай. 3033 (94%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2328 жағдай, оның ішінде (1045 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 93 (75), Байғанин – 58 (37), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 26 (15), Мәртөк – 48 (20), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 191 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 101(50), Шалқар ауданы – 105 (59).
Жалпы тіркелген 3233 науқастың 2,2% (70) сырттан әкелінген, 13,6% (440) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 49,4% (1592) жергілікті жағдайлар және 35% (1123) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 45 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button