Жаңалықтар

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрайымымен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқармасы төрайымы Гаухар Бөрібаевамен кездесуі барысында 2020 жылдың сегіз айында Ақтөбе өңіріндегі  кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы нәтижелері талқыланды.

Гаухар Бөрібаева қор тарапынан Ақтөбе облысы нақты қолдауға ие болып отырғандығын жеткізді. Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылған күннен бастап жалпы құны 22,7 миллиард теңгеге кепілдік сомасы 9,2 миллиард теңге болатын  629 жоба жүзеге асырылған. Ал биылғы жылы 4,4 миллиард теңге несиеге кепілдік сомасы  1,65 миллиард теңге болатын 98 жоба іске асқан.  «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 5,6 миллиард теңгеге 25 жоба қолдау тауып, оның ішінде 2020 жылы 3 миллиард теңге несие сомасына 18 жобаны субсидиялау шарттарына қол қойылған. 1,9 миллиард теңге несиеге  11 жоба «Даму» қорының кепілдігімен қаржыландырылып, кепілдік сомасы 789,9 миллион теңгені құрады. Мемлекеттік қолдаулардың арқасында кәсіпкерлік саласының оңды нәтижелерге қол жеткізілгенін айтқан облыс басшысы басқарма төрайымына қор тарапынан өңірдегі бизнес саласына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button