Пікір

Дәрігерлер үшін қолдау өте маңызды

Жәнібек Оспанов,

Мәртөк аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында әдеттегідей денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және медицина қызметкерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлді.  Жолдауда медицина саласын көтеруге бағытталған шаралар, қызметкерлердің жалақысын өсіру, ғылымды дамыту — бүгінгі күннің өзекті мәселелері екені айтылды.

Сонымен қатар бүгінгі күннің батырлары — дәрігерлерге әлеуметтік қолдауды арттыру, отандық фармацевтика саласын дамыту, барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың елімізде өндірілуіне басымдықтың берілуі қазіргі жағдайда өте қажет және оның маңызы зор.

Біз, аудандық аурухана дәрігерлері, Мемлекет басшысының Жолдауын қолдай отырып, ондағы міндеттер мен бастамалардың орындалуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Осындай қиын кезеңде біз, дәрігерлер, өз міндетімізді адал, абыроймен орындап келеміз. Осы орайда бізге сенім артып, қолдау көрсеткен ақтөбеліктерге  ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта індет жойылып, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! 

Басқа жаңалықтар

Back to top button