Пікір

Жылдың құнды құжаты

Гүлжан БУЛАЕВА,

«Замандас» аналар клубының төрайымы.

Әр жыл сайынғы Президент Жолдауы жаңалықтарымен,  құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді.

Өйткені Президент Жолдауы — еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат. Президенттің бұл жолғы Жолдауы Қазақстан экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын, қауіпсіздігін арттыруға арналып отыр. Мәселен, Жолдау барысында еліміздегі және әлемдегі күрделі жағдайдың әлі де алаңдататынын, онымен күрес барысында топтасып, ауызбіршілікті сақтау, қол ұшын созу, тілеулес болу сияқты асыл қасиеттерді жоғалтпағанымызға тоқталды. Осы шиеленісті кезеңде тер төккен дәрігерлерге, төтенше жағдай қызмет өкілдеріне, еріктілерге алғысын білдірді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлық қазақ халқы бірігіп сақтану шараларын қатаң сақтаса, бұл сыннан да сүрінбей өтеріміз анық. Өйткені алдымызда жағымды жаңалықтар күтіп тұр. «Енді дәрігерлерімізге ынталандыру үшін 150 миллиард теңге бөлеміз» деген Президентіміз жыл аяғына дейін 13 жұқпалы аурухана салынатынын айтты. Біздің аудан — облыстағы шалғай аудандардың бірі. 7 ауылдық округті қосқанда 22 елді мекен бар. Міне, осындай ауылдардың барлығына дәрігерлік қызметтер көрсетілмек. 3 жыл ішінде барлық ауылдар фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз етілетіні айтылды.

Бала — өмірдің жалғасы. Балаға өнер үйретіп, кәсіпке баулу, тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу — адамзат қоғамының басты міндеттерінің бірі. Отбасының жемісі, берер гүлі, алтын тіреуі – бала. Осы ойды халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп бекер айтпаған. Жолдауда елдің отбасылық-демографиялық жағдайы үлкен алаңдаушылық тудыратыны атап өтіліп, бірқатар тапсырмалар берілді. Бала сүйе алмай жүргендердің ойын тап басқан Жолдау «Аңсаған сәби» бағдарламасы көптеген отбасылардың үмітін жандырды.

Президент Жолдауын аудан ардагерлері қолдаймыз, қолымыздан келгенше жас ұрпаққа ұлттық сананы қалыптастырып,еліміздің әл-ауқатының көтерілуіне, экономикамыздың дамуына үлес қосып, Жолдаудан туындаған нақты қадамдардың жүзеге асырылуына өз үлесімізді қосамыз.

 Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button