Басты бет » Денсаулық » Қаулыға өзгерістер енгізілді

Қаулыға өзгерістер енгізілді

Санитарлық талап

Ақтөбе облыстық Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Ақтөбе облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» ПГСВ-53 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова айтып берді.

— Локдаун жалғаса береді. Бүгінгі таңда Қаулыға сәйкес, жексенбі күні, мереке күндері сауда үйлері, сауда желілері, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік сататын жабық базарларға жұмыс жасауға рұқсат етілмейді, жабық болуы тиіс. Локдаунға кірмейтін барлық нысандарға №43 қаулы талаптарын сақтай отырып, жұмыс жасауға рұқсат берілді. Олар — қоғамдық тамақтану орындары, сұлулық салондары, спорт кешендері, жаттығу залдары, шаруашылық дүкендері. №51 қаулының кейбір тармақтарына өзгерістер енгізілді. Айталық, ашық аспан аясында кинотеатрларға жұмыс істеуге болады. Театрларға толтырылымы 50 пайыздан аспауы керек, 50 пайыздан адам көп болмауы керек. Ойын-сауық, сауда орталықтарындағы қоғамдық тамақтану орындары бөлек үй-жайларда орналасқан болса, жұмыс жасауға рұқсат берілді. Ұжымдық шаралар өткізуге болмайды. Түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған орталықтар қазіргі таңда сағат оннан кешкі тоғызға дейін жұмыс істей алады, бір топта 15 адамнан аспауы тиіс. Жабық азық-түлік емес және азық-түлік сататын базарлар тоғыздан алтыға дейін жұмыс істей береді. Толтырылымы 30 пайыздан аспауы керек. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты түнгі он екіге дейін ұзартылды, әрі бұрын 30 орынға дейін рұқсат берілсе, қазіргі таңда бұл шектеу 50 адамға дейін көбейтілді. Ұжымдық мерекелік іс-шараларды әлі де өткізуге болмайды, — дейді Гүлбану Дәулетова.

Ақтөбе облыстық Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысының орындалуын тексеретін мобильдік топтардың мәліметінше, бүгінге дейін 61 миллионнан астам теңге мөлшерінде 563 айыппұл салынды.

— Локдаунды сақтамау бойынша әлі де бұзушылықтар анықталып отыр. Өткен жексенбіде «Мега Шығыс», «Астана», «Арна», «Мечта» сауда орындары, сондай-ақ, Орталық базардағы сауда үйлері жұмыс істеген. Анықталған деректер аумақтық басқармаға берілді. Қазіргі таңда «Мега Шығыс» сауда үйінің Заңды тұлғасына 319 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Әлі де қоғамдық тамақтану орындарында мерекелік іс-шаралар өткізу тоқтамай тұр. Мобильдік топтар осыған қатысты 24 материалды тіркеп, оларға жалпы 7 миллионнан астам теңгеге айыпұл салынып отыр, — дейді Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.

 Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.