Ресми

Басты мақсат — халықтың жағдайын жақсартуға, өңірдің дамуына үлес қосу

Праймериз — 2020

Nur Otan партиясы Мәртөк аудандық филиалынан «Primaries-2020» партияның ішкі сайлауына қатысушы кандидат

Амангелді НҰҒМАНОВ

Өмірбаян

Амангелді Нұғманов 1967 жылы 3 сәуірде Мәртөк ауданы, Жаңатаң ауылында дүниеге келген.

1982 жылы орта мектепті бітірген соң, Ақтөбе ауылшаруашылық техникумының агрономия бөліміне оқуға түсіп, оқу орнын 1986 жылы тәмамдайды. Одан кейін 1995-1999 жылдар аралығында Алматы қаласында «Қайнар» университетінде құқықтану мамандығы бойынша оқиды. Сондай-ақ 2002 жылы халықаралық құқық мамандығы бойынша Халықаралық құқық қорғау органдарының Академиясында (Будапешт қаласы, Венгрия), 2004 жылы мемлекеттік басқару мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, 2017 жылы Лондон қаласындағы Ernst & Young бизнес академиясында білім алады.   

Еңбек жолын «Жайсаң» кеңшарының екінші бөлімшесінде агроном-есепші болып бастап, кейін Мәртөк аудандық өсімдікті қорғау станциясында жетекші агроном болып жұмыс істейді. Бұдан кейін 1992 жылы Мәртөк ауданының Жастар мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы, 1994-2004 жылдары Ақтөбе облыстық кеден басқармасында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, бекет бастығы, Ақтөбе облысы бойынша басқармасының контрабандаға қарсы күрес және заң ережелерін бұзуға қарсы бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Кеден ісі саласындағы қылмыстарға және құқықбұзушылықтарға қарсы күрес департаменті кедендік күзет және режим басқармасының басшысы, 2004-2006 жылдары ҚР Қаржы министрлігі кадр басқармасы басшысының орынбасары, осы министрліктің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Қаржы министрлігі кадр басқармасының басшысы, 2006-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Астана қалалық, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары бойынша департамент басшысы, 2012-2013 жылдары «ХимПарк-СЭЗ» басқару компаниясы» АҚ басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы тобының мүшесі, 2013-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесінің төрағасы, 2018-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік аудит департаментінің басшысы, 2019 жылдың тамыз айынан 2020 жылдың наурыз айына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік аудит комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда облыс әкімі аппаратының басшысы болып қызмет етеді.

Айта кету керек, бүгінге дейін Амангелді Нұғманов еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Ол 2017 жылы ҚР Ұлттық комиссиясының шешімімен «Мемлекеттік аудитор» атағын қорғап, 2018 жылы «Жоғары санатты мемлекеттік аудитор» біліктілігін алған. Сонымен қатар «Астанаға 10 жыл», «Үлгілі қызметі үшін», «Қазақстан Республикасына 20 жыл», «Кеден Одағын құруға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», т.б. медальдармен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталған.

2013 жылдан бастап Nur Otan партиясының мүшесі.

Отбасында екі бала тәрбиелеп отыр.

Бағдарлама: «Ғылым мен білімді дамыту арқылы экономиканы көтеру»

Басты міндет — еліміздегі ауыл шаруашылығы, экономика, қаржы және аудит, құқықтану және мемлекеттік басқару салаларында жаңа бастамаларды жүзеге асыру, білім беру сапасын жақсартуға, атап айтқанда, білім беру инфрақұрылымын жаңартуға, барлық педагогтарға лайықты еңбекақы төлеуге қол жеткізуге ықпал ету.

Негізгі басымдық беретін мақсат-міндеттері:

* соғыс және тыл ардагерлерін, еңбек ардагерлерін, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды, мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен жетім балаларды, халықтың осал топтарын заңды түрде қолдау және халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға арналған қажетті шаралар мен жұмыс формаларын пайдалана отырып қамқорлық көрсету;

* халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында елімізде азық-түлік және дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне байланысты көтерілген мәселелердің тез әрі мұқият шешілуіне қатаң парламенттік бақылау жүргізу және жедел желілер арқылы кері байланыс жүйесін пайдалана отырып ықпал ету;

* ғылым мен білім саласындағы міндеттерді және отандық ғалымдардың әлемдік зерттеу орталықтарының қатарында болуын оңтайлы шешуге ықпал ету, отандық және шетелдік оқу орындарында алған заманауи білімнің негізінде үлес қосу;

* мемлекеттік бағдарламалардың барлық бағыттарын тиімді іске асыру мақсатында мемлекетті бірінші орынға қоя отырып, облысқа, жалпы республикаға инвестициялық жобалар тарту;

* «Қазақстан — 2050» бағдарламасындағы өзекті бағыттарды тиімді іске асыруға үлес қосу;

* кәсіпкерліктің дамуына байланысты шағын қалалар мен ауылдарда агломерация негізінде мемлекеттік бағдарламалардың жүйесіне табиғи ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндіру жөніндегі кәсіпорындарды ашу жолымен жұмыссыздықтың төмендеуіне ықпал ету;

* ауыл шаруашылығын дамыту үшін әртүрлі климаттық аймақтарды ескеріп және мемлекеттік қолдаудың қолда бар шараларының көлемін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізе отырып, Жер қатынастары мен Су кодексі заңнамаларына өзгерістер енгізу;

* мемлекет беріп отырған қолдау құралдарын дамытуға септесу, өйткені, олар — шағын, орта және жеке бизнестің экономикалық дамуының негізгі көзі;

* көрсетілетін медициналық қызметтердің (фармацевтика саласын дамыту, жоғары білікті медицина қызметкерлерін даярлау, жабдықтармен қамтамасыз ету, жаңа технологиялар енгізу, ғимараттар құрылысы, тиімді менеджмент және т.б.) сапасын арттыру, тұрғындарға қызметтердің қолжетімділігін ескере отырып, елімізді медициналық туризм орталығына айналдыру жөнінде бастамаларды алға тарту;

* бұқаралық спорт пен ішкі туризмді дамыту мақсатында спорттық ғимараттар санын арттыру, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың спортпен айналысуына жағдай жасауға, тарихи-мәдени инфрақұрылымдарды, туристік-рекреациялық орталықтар мен кешендерді дамыту жөнінде жұмыстар жүргізу, балалар мен жастардың патриоттық рухта тәрбиеленуіне, олардың рухани және дене тәрбиесі жағынан дамуына үлгі болу;

* экологиялық дағдарыстағы өңірлер және біздің облыстағы проблемаларды шешу үшін экологиялық заңнаманы күшейту, қоршаған ортаны ластаған ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындары үшін экономикалық санкциялардың талаптарына ықпал ету;

* өңірдің негізгі инфрақұрылымын түбегейлі жақсартуға, еліміздің транзиттік әлеуетін ұлғайтуға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды құруға, өндірісті дамытуға ықпал ету, бірыңғай энергожүйе ауқымында энергетикалық инфрақұрылымды нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button