Спорт

«Ақтөбе» тең ойынмен бастады

Бірінші лига

15 қыркүйекте бірінші лига ойындары басталғаны мәлім.

18 қыркүйек күні «Ақтөбе» алғашқы ойынын өткізді.

Түркістан облысының «Мақтаарал» клубымен сынға түскен жерлестеріміз басымдық көрсете алмады. Ойында есеп ашылмады. Ал тең ойынмен жеңімпаздыққа қол созу жартылай үміт қана.

«Мақтаарал» — «Ақтөбе» —0:0.

«Ақтөбе» командасы төмендегі құрамда ойнады: Нарзикулов Жасур, Куаджа Куасси, Жасанов Есен, Таңжарықов Әділхан, Көкеев Жамбыл (Нурмугамет Рифат 58-минут), Волков Виталий, капитан (Суханов Эдуард, 89-минут), Сламбеков Демият, Самородов Максим (Орналин Тәуіпбек, 81-минут), Прокопенко Владислав (Әжімов Әлішер, 58-минут), Бурнаш Георгий, Часовских Андрей (Джорджевич Бобан, 58-минут).

Ал Ситдиков Евгений, Цуцкич Никола, Темірхан Рустам, Сәулет Ардақ, Сахибов Рустам, Батырханов Нұрболат, Чернышов Олег резервте болды.

18 қыркүйек 2020 жыл. Шымкент. БИІК спорт кешені, Шымкент. Жанкүйерлерсіз өткізілді.

Е.АХАТҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button