Әлеумет

36 балаға көмек берді

Акция

«Қызыл ай» қоғамы облыстық филиалы «Мектепке жол» акциясы аясында 36 балаға 400 мың теңге көлеміндегі қаржыға рюкзактар мен әр түрлі оқу құралдарын алып берді. Аз қамтылған отбасы балаларының тізімін облыстық білім басқармасы ұсынды.

Жыл сайын аталған акция аясында түрлі шаралар өтеді.

Мәселен, жыл басында облыстық филиал аз қамтылған отбасылардағы 11 балаға 220 мың теңгеге күртеше, аяқ киім, бас киім, шарф, яғни өзге де қысқы киімдер  алып берді.  Гуманитарлық көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жергілікті мемлекеттік органдар береді.

Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері қаржыландыратын бағдарлама бойынша облыстық филиал қамқоршысынан айырылған балаларға ай сайын 50 доллар, ал жылына 600 доллар көлемінде жәрдемақы тағайындалады. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 180 бала көмек алуда. Жәрдемақы бала кәмелетке толғанға дейін төленеді.

Н.ҮДЕРБАЙ,

«Қызыл ай» қоғамы облыстық филиалының директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button