Ресми

Ең бастысы — азаматтардың қоғамдық белсенділігін көтеруге ықпал ету

Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық филиалынан «PRIMARIES-2020» партияның ішкі сайлауына қатысушы кандидат

Кенжеғали КЕНЖЕБАЕВ

ӨМІРБАЯН

Кенжеғали Кенжебаев 1953 жылы 6 қаңтарда Байғанин ауданы Доңызтау елдімекенінде дүниеге келген.

2006 жылдан «Нұр-Отан» партиясының мүшесі.

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1975 жылы Ақтөбе педагогика институтында оқытушы болып бастаған.

1991 жылдан Ақтөбе педагогика институтының математика факультетінің деканы.

1995-2017 жылдары — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры.

«Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі». «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жылы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған.

ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі, Украинаның Математика ғылымын дамыту қорының М. В. Остроградский атындағы алтын медалін иеленген.

Ақтөбе облысының «Жыл адамы». Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы. «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты», «Байғанин ауданының құрметті азаматы», «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы».

Отбасылы, төрт баласы және немерелері бар.

БАҒДАРЛАМА

БІЛІМ ЖОЛЫ — ЖАРЫҚ ЖОЛ!

Басты міндет — Президент Жолдауында айтылған «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесін берік орнықтыруға үлес қосу.

Бүгінгі әлемдік бәсекелестік орныққан заманда қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жетекші салаларын серпінді және тиімді дамыту, оның негізінде білімді, салауатты, бастамашыл, жауапты, кәсібилік пен мәдениеттің жоғары деңгейіне ие адам, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының жоғары стандартын қамтамасыз ететін адам әлеуетінің сапасын жүйелі түрде жақсарту.

Ең алдымен отандық бизнестің өсуін ынталандыру, сындарды экономикалық және саяси институттарды қалыптастыру, құқықтық нормаларды жетілдіру, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жалпыұлттық бірлікті нығайту. Жүйелі түрде инновациялық технологияларды енгізу, инфрақұрылымды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті нығайту.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өмірлік ұстанымдарының негізі бірлік, келісім, толеранттылық сияқты дәстүрлі құндылықтармен қатар бәсекеге қабілетті болуға – сапалы білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, жоғары мәдениет пен адамгершілікке ұмтылуға, табыс пен өзін-өзі жетілдіруге, үнемділік пен үнемдеуге ұмтылуға тиіс. Осы құндылықтарды ұстану алға қойылған мақсаттарға жетудің кепілі болып табылады, оларды іске асыруда азаматтардың ынтымақтастығы мен бірлігі маңызды. Баршаның және әркімнің, бүкіл қоғамның тікелей және белсенді қатысуы қажет.

 

* Әрбір адам ең алдымен өзі қызмет атқаратын учаскесінде жауапты болғанда ғана, содан кейін өзгелердің алдына талап қоя білгенде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігін терең сезінуі, өз міндеттерін талап етілген деңгейде орындауы тәрбие жұмыстарымен терең сабақтастырылып атқарылуы тиіс.

Бұл үшін балабақша-мектеп-жоғары оқу орны-жұмыс орны арасын жалғастыратын тәлімдік-тәрбиелік желі құрылымдалуы тиіс.

Осы мақсатта атқарылуға тиісті шаралардың алдыңғы қатарында ауыл-селолардағы мектеп, мектепке дейінгі білім беру жүйелеріндегі заманауи, үздіксіз жұмыс істейтін, жоғары деңгейдегі компьютерлік бағдарламаларды толығымен және жан-жақты жүзеге асырған дұрыс.

 

* Кадрларды сапасын көтеру бойынша да бұрыннан қолға алынған, негізі қаланған жұмыстарды жетілдіре түсу керек. Мәселен, «Дипломмен — ауылға» бағдарламасымен елге барып қызмет ететін маманға мемлекеттік материалдық қолдау жасаумен бірге, оның алдағы уақытта кәсіби жетілуі, біліктілігін көтеруі ескерілгені жөн.

 

* Қазақстандағы барлық жұмыс істеп тұрған электронды білім беру жүйесінен өзгеше құрылым — «Цифрлық мектепті» енгізуге бағыт ұстау.

«Цифрлық мектеп» бағдарламасын артықшылығын мынадан көруге болады: мысалы, Ресей Федерациясының Пермь облысында осы бағдарламаны енгізген 5 жыл ішінде аталған мектептерде физикадан білім беру бағасы деңгейі 22 пайызға өскен.

Зерттеулер барысы «Цифрлық мектеп» технологиясын күн сайын, жүйелі және үздіксіз пайдалану әрбір оқушыға әрбір сабақта білім беру нәтижесіне кепілдік беретінін көрсетіп отыр.

Сондықтан өзім маман ретінде ұзақ жылдан бері зерттеп, ұсынып келе жатқан осы технологияны кеңінен енгізуге күш саламын.

 

* Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі жақсартуды мынадай жолдармен іске асыруды ұсынамын:

– білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу, жаңа модификациялы кабинеттермен, компьютерлік техникамен және интерактивті жабдықтармен жарақтандыру;

– цифрлық технологиялар мен виртуалды оқытуды жүйелі енгізу.

 

* Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған, осал топтарын қолдау:

Басты принцип — әрбір оқушы қандай деңгейде қамтылған отбасында өмір сүріп жатқанына қарамастан жан-жақты білім алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Осы мақсатта:

– халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

– жұмыс іздеуде жергілікті проблемалар мен қиындықтарға тап болған азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

– жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін қосымша жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілермен және бизнес қоғамдастықпен бірлескен жұмыс жүргізу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button