Спорт

Бірінші лига. Екі конференция

Футбол

Сейсенбі күні бірінші лигадағы футбол клубтарының алғашқы ойыны өтті.

Биылғы ерекшелік — 14 команда екі конференцияға бөлінді.

Бірінші конференцияда «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Алтай» (Шығыс Қазақстан облысы, Семей), «Мақтаарал» (Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент), «Байқоңыр» (Қызылорда), «Қыран» (Түркістан), «Екібастұз» (Павлодар облысы, Екібастұз) және «Арыс» (Түркістан облысы, Арыс) командалары бар.

Бұлар өзара кездесулерін Шымкент қаласында өткізеді.

Ал екінші конференциядағы командалар — «Атырау» (Атырау), «Ақжайық» (Орал), «Жетісу Б» (Талдықорған), «Қайрат-Жастар» (Алматы), «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Шахтер-Болат» (Қарағанды облысы, Теміртау) және Нұр-Сұлтан қаласындағы №8 жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің командасы (Нұр-Сұлтан).

Бұл конференциядағы командалардың кездесулері Талғарда ұйымдастырылады.

Жарыстар екі айналым бойынша өткізілгелі отыр.

Әрине, барлық санитарлық нормалар сақталады. Кездесулер «Sportrecs.com.» платформасы арқылы тікелей эфирде ұсынылады деп жоспарланып отыр.

Бүгін «Ақтөбе» командасы қатысатын бірінші конференцияның бірінші айналым ойындарының күнтізбесін назарға ұсынып отырмыз. Бұл кездесулер Шымкент қаласында БИІК спорт кешенінің алаңдарында өткізіледі.

Анықтама үшін айта кетелік, өткен жылы бірінші лигадан Премьер-Лигаға «Қызылжар СК» мен «Каспий» командалары өткен болатын. Олардың орнына биыл «Ақтөбе» мен «Атырау» келді. Бұларға екінші лигада алғашқы екі орынға ие болған Нұр-Сұлтан қаласындағы №8 жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің командасы мен Түркістан облысының «Арыс» командасы қосылды.

БІРІНШІ АЙНАЛЫМ

 I тур

 15 қыркүйек, сейсенбі

 11:00. Алтай — Арыс — 0:2

(Голдар авторы: Мәсімхан, 17-минут (0:1), Мәсімхан, 66-минут (0:2).

16:30. Мақтаарал – Екібастұз — 1:3

(Гол авторлары: Сердюков, 23-минут (1:0), Бегалин, 46-минут (1:1); Юнусов, 52-минут (1:2), Жагоров, 72-минут (1:3).

16:30. Байқоңыр – Қыран — 0:3

(Гол авторлары: Әшірбай, 39-минут (0:1), Қожамберді, 52-минут (0:2), Зульфикаров, 85-минут (0:3).

II тур

 18 қыркүйек, жұма

11:00. Мақтаарал – АҚТӨБЕ
16:30. Байқоңыр – Арыс
16:30. Қыран – Екібастұз

III тур

 21 қыркүйек, дүйсенбі

11:00. Арыс – Қыран
16:30. АҚТӨБЕ – Байқоңыр
16:30. Алтай – Мақтаарал

IV тур

24 қыркүйек, бейсенбі

11:00. Байқоңыр – Алтай
16:30. Қыран – АҚТӨБЕ
16:30. Екібастұз – Арыс

V тур

27 қыркүйек, жексенбі

11:00. АҚТӨБЕ – Екібастұз
16:30. Алтай – Қыран
16:30. Мақтаарал – Байқоңыр

VI тур

30 қыркүйек, сәрсенбі

11:00. Қыран – Мақтаарал
16:30. Екібастұз – Алтай
16:30. Арыс – АҚТӨБЕ

VII тур

3 қазан, сенбі

11:00. Екібастұз – Байқоңыр
16:30. Арыс – Мақтаарал
16:30. АҚТӨБЕ – Алтай

Айта кететін бір жайт, екінші айналымда командалар орын ауыстырып, бірінші конференция командалары Талғарда, ал екінші конференция клубтары Шымкентте ойнайтын болады.

Екі конференцияның жеңімпаздары келер жылы Премьер-Лигаға ауысады және олардың өзара кездесулері арқылы бірінші лигадағы бірінші-екінші орын иелері анықталады.

Әзірлеген Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button