Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіру керек

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Балғабеков «Ашықтық, есеп берушілік, қолжетімділік және Ақтөбе облысы әкімдігі қабылдап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жөнінде» тақырыбындағы тікелей эфирге қатысты.
Тікелей эфир ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша әдептілік саясатын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықпен кедергісіз байланысты орнату мақсатында жүзеге асырылып жатқан «ANTIKОR.LIVE» аясында өтті. Департамент басшысы Бауыржан Балғабеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту желісі бойынша басым бағыттардың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы коррупциялық тәуекелдердің ішкі және сыртқы талдауын, антикоррупциялық мониторинг, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен әдептілік қағидаларын және т.б. анықтағанын жеткізді.
Облыс әкімі сөз барысында кезінде өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Сонымен қатар пандемия кезінде атқарылған жұмыстардың нәтижелерін атады.
Облыс әкімі: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында жемқорлықтың неғұрлым жүйелі сипат алатынын атап өткен болатын. Бұл әлеуметтік зұлымдықты біз оның шығу сипатын, пайда болу себептерін анықтау арқылы ғана жоя аламыз. Мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институттарын құру, қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтуге болады. Жемқорлықпен күресте мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіру өте маңызды», —  деп атап өтті.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірге 15 «Қызмет көрсететін әкімдік» және 4 «фронт кеңсе» ашылып, 135 ауылдық округ әкімдігінде «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс жасайды.
Сондай-ақ облыс әкімі пандемия кезінде қабылданған шаралардың нәтижелері, КВИ жағдайының келесі толқынына дайындық шаралары, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартатын «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты.
Оңдасын Оразалин: «Тек бірігіп, төзімсіздік атмосферасын қалыптастырғанда ғана жемқорлықты жоюға болады. Еліміздің әрбір саналы азаматы осы істе белсенділік танытуы керек», —  деп сөзін түйіндеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button