Басты жаңалықтарЭкономика

Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласында жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Ол ең алдымен «Оңтүстік айналма жолының» 21,5-35,3 шақырымында жүргізіліп жатқан қайта қалыпқа келтіру жұмыстарымен танысты. Аталған жоба Ақтөбе қаласының айналасындағы транзиттік автокөлікті айналып өтуді қамтамасыз етеді және «Самара-Шымкент» трассасынан «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» трассасына шығуға мүмкіндік береді. Одан өзге автожолдың аталған учаскелері Ақтөбе мен Ресей Федерациясының Орск қаласын байланыстырады, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне шығу мүмкіндігін қамтып, Ақтөбе қаласының толыққанды транзиттік айналма жолын қамтамасыз етеді.

Облыс әкімі «Нұр Ақтөбе» тұрғын алабында болды. 900 орынға арналған орта мектептің құрылысын бақылады. «Ақтөбе Электросетьстрой» ЖШС мердігер мекемесі білім ошағының құрылысын 1,5 айда толық аяқтауы тиіс. Өңір басшысы бұдан соң 9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. 265 пәтерлі №19 үйдің, 284 пәтерлі 20-үйдің, 1,2,3 бөлмелі 135 пәтер болатын №27, және 1214 пәтерлі 36,37-үйлердің, сонымен қатар 150 пәтерлі №51 тұрғын үйлердің құрылыстары қарқынды жүргізілуде.

Облыс әкімі тұрғындар үшін ең маңызды мәселенің бірі баспана болғандықтан құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ өзінің орынбасарлары Нұржауған Қалауов пен Руслан Хамбаровқа, қала әкімі Асхат Шахаровқа бірлесе отырып, құрылыс сапасын бақылауды және мерзімінде аяқталауын қадағалауды тапсырды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button