Жаңалықтар

Медициналық көмек көрсетіледі

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовтың  төрағалығымен  өткен консультативтік-кеңес отырысында  қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі медицина мәселесі  талқыланды.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Алмас Шәмишев жергілікті биліктің назарын түзеу мекемелеріндегі медицинаға қатысты проблемаларға аударды. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен облыстық денсаулық сақ- тау басқармасының  бірлесе атқарған жұмысы нәтижесінде 2019 жылы түзеу мекемелеріндегі және тергеу қамауындағы 200-ден астам сотталғандар консультативтік-диагностикалық көмек алды. Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайын бақылау, аурудың  алдын алу мақсатында жұмыстар жүрді. Сотталғандар ФГДС, КТ, МРТ секілді диагностикалық тексерулерден өткізілді. Карантин жағдайында түзеу мекемелеріндегі сотталғандар арасында COVID-19 пандемиясының таралуына жол бермеу және алдын алу мақсатында уақтылы медициналық көмек көрсетіліп, оларға  күніне үш мезгіл аспен бірге дәрумендер беріледі. Дер кезінде көрсетілген медициналық қолдаудың нәтижесінде сотталғандар арасында коронавирус инфек- циясының таралуына жол берілген жоқ. Алмас Шәмишев облыстық әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасына алғысын білдірді. Кеңесте осы саладағы өзге де мәселелер қаралды. Атқарылған жұмыстар талқыланды.

Г.ТӨРЕМҰРАТОВА, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button