Пікір

Табыс пен пайда

Мәрзия ГАТАУЛЛИНА,

Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы

жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, елдің болашаққа деген сенімін арттырды. Жолдауда елдің экономикалық-әлеуметтік, білім, денсаулық саласы түгелдей жеке-жеке қамтылған.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық саласына да басымдық берілді. Мемлекет басшысы осы сала бойынша ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланатынын, табыстың басым бөлігінен пайданы ортадағы алыпсатарлардың көріп жатқандығын атап айтып, осы уақытқа дейін

жеткен жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді де айқындап берді.

Ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті бола алмайтынымызды, шикі зат өндірумен шектелмей, өнімділікті арттыру керектігін нықтап айтты. Президент халықты алаңдатып отырған шетелдіктерге жер сату мәселесіне де баса назар аударды. Мемлекет басшысының «Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ, Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет» деген сөзі халықты бір серпілтіп тастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button