Жаңалықтар

Жасөспірімдер жүктілігі неге көп?

Тренинг

Бейсенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Greenland» демалыс орнында «Қазақстан әйелдері» қауымдастығының  ұйымдастыруымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру шеңберінде «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында тренинг өтті.

Тренинг барысында жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік және оның салдары, жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің психологиялық аспектілері, ерте жүктілік кезіндегі психологиялық кеңестердің ерекшеліктері туралы айтылып, мамандар жастарға әртүрлі  психологиялық жаттығулар жүргізді.

Психолог мамандардың мәліметіне сүйенсек, өткен жылы елімізде жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық 9 пайызға артқан. Атап айтсақ, бұл көрсеткіш Жамбыл облысында — 65,8%, Қостанай облысында — 61,8%, Алматы облысында 56,1 %-ға жеткен. Сондай-ақ былтыр республикада жасөспірімдер арасында 2098 зорлық-зомбылық дерегі тіркелген.

Өкінішке қарай, қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы жыныстық қолсұғушылық деректері бойынша Алматы облысы бірінші орында тұр. Екінші орында — Қарағанды облысы, ал үшінші орында Түркістан облысы. Сондай-ақ өзі-өзіне қол жұмсау деректері еліміз бойынша Түркістан облысында көп тіркелген. Өткен жылы бұл облыста 40 жасөспірім өзіне қол жұмсаған. Ал өткен жылы елімізде жасөспірімдер арасындағы жүктілік деректері бойынша 3003 жағдай анықталған.  

Психолог мамандар тренинг барысында жастармен әңгімелесіп, олардың тарапынан қойылған сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ бүгін қауымдастық құрамындағы психолог мамандар тәжірибе алмасу мақсатында бірқатар ата-аналар мен 12 жастан асқан балалармен кездесіп, «Біз басқалармен бірдейміз, тек сәл өзгешеміз» атты шара өткізді.

Шара барысында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Менің арнайы студиям» атты шағын байқау ұйымдастырылып, ата-аналарға «Бір актердің театры» әдісі бойынша тренингтер өткізілді.

                Данагүл ТАУАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button