Пікір

Қоғамға тың серпін берді

Ақнұр Тілеуқабыл,

Ырғыз аудандық балалар кітапханасының  кітапханашысы.

Президенттің биылғы Жолдауы бүгінгі ахуалды дөп басуымен және жастарға мол мүмкіндіктер ұсынылуымен құнды. Қазіргідей қиын шақта елдегі әлеуметтік жағдайға ерекше көңіл бөлген Президентіміз қоғам үшін де өзекті мәселелерді көтеріп, тың серпін берді.

Біз бұл Жолдаудан әлеуметтік саясат жалғасын тапқанын байқадық. Мысалы, 2021 жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымының басқаруына бере алады. Тұрғын үй мәселесін өздігінен шешуге табысы жетпейтін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру керектігін де атап көрсетті. Бұл қоғам дамуындағы кезекті маңызды қадам болмақ.

Жас буынды жастайынан еңбек етуге бейімдеу қажеттігін атап өткен Мемлекет басшысы жастардың заман талабына сай болуы үшін сапалы білім, тәлім-тәрбие алуы керектігін, лотерея, бәс тігу, басқа да зиянды әдеттерден аулақ болуы керектігін жеткізді.

Қорыта айтқанда, алдағы уақытта біз ел Президенті айтқан басты мәселелерді қаперімізде ұстап, ел дамуы жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Ең бастысы, әрбір адам өзі еңбек етіп жүрген саласына титтей болса да үлес қосып, бүгінгідей қиын кезеңде жақындарымызға жанашыр болуды ұмытпайық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button