Пікір

Көшбасшы мұғалім — ел болашағының негізі

Ақмарал САПИНА,

Майтөбе орта мектебінің мұғалімі.

Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында білім мен ғылым саласына қатысты маңызды жаңалықтарға қанық болдық. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы:

«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс жасау керек», — деді. Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды. Өйткені XXI ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Азаматтарымыздың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында мұғалімнің қызметі ерекше. Сол себепті ұстаздарға жүктелетін міндет пен жауапкершіліктің салмағы да артып отыр. Президенттің: «педагогтердің жағдайы жақсартылмаса, салада оң өзгерістер бола қоймайды», — деген пікіріне толық қосыламын.

Соңғы жылдары мұғалім мәртебесін көтеру мәселесі ерекше назарда. Заман қарыштап дамып, озық технологиялар қолданысқа енгізіле бастаса да, оқушының сапалы білім алуына мұғалімнің ықпалы зор. Сондықтан күш-жігерімізді барынша жұмылдырып, біз, яғни мұғалімдер қауымы білім алушыларға саналы тәрбие, сапалы білім алуына көшбасшы ретінде шыдамдылық, төзімділік, табандылық таныта отырып, қиын кезеңді жеңіп шығамыз деген сенімдемін.

Хромтау ауданы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button