Ауыл

Жақсы істің басына…

«Қазақстан фермерлері қауымдастығының» басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев жұмыс сапарымен ауданда болып, бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Басқарма төрағасы алдымен Нұра ауылдық округіндегі «Бақ-Құт» шаруа қожалығында болып, шаруашылықтың жағдайымен танысты. Мал шаруашылығымен айналысатын қожалықты одан әрі дамыту үшін шаруашылық басшысы тынбай еңбектенуде.

Бұдан кейін Жигули Дайрабаев «Дəуренбек» шаруа қожалығының жасап жатқан істері мен олардың бақша өнімдерінің сапасын қарады. Сондай-ақ «Н-Сыдық» шаруа қожалығының басшысы Шыңғыс Оспанов пен оның балық бригадасының мүшелерімен кездесіп, шаруалардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Сапар соңында басқарма төрағасы «Бер-Шат» шаруа қожалығындағы бие сауып отырған ерлі-зайыптылар Сақи мен Қазираның шаруасын көріп, олардың ісіне сəттілік тіледі.

Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button