Жаңалықтар

Жаяу жүргіншілерге жасалған жағдай 

Аудан

Темір ауданындағы бірнеше көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарықтандыру жайы қолға алынып жатыр. 

Айталық, аудан орталығының бірқатар көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы төселді. Мәселен,  Ж.Кереев көшесіне «МК Строй Сервис» ЖШС жұмысшылары жаяу жүргіншілер жолын жасап, пайдалануға берді. Жұмсалған қаржы көлемі — 23 миллион 189 мың теңге. Сонымен қатар Желтоқсан көшесінде осындай жұмыстар жүргізілді. Бұған мемлекеттен 12 миллион 780 мың теңге қаражат бөлінді. Қазіргі кезде аталған нысанда да жұмыстар аяқталды.

Сондай-ақ, Кеңесту ауылдық округіне кіреберіс жол жөнделді. «Достық Спец Транс» ЖШС 49 миллион 780 мың теңгеге  ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқарды.

Бұдан бөлек, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында «Тимакс Электро» ЖШС 30 миллион 186 мың теңге қаражатқа Қызылжар шағын ауданындағы электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Атқарушы билік өкілдері бұл шаралардың жалғасын табатынын айтады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button