Жаңалықтар

Ақтөбелік кәсіпкерлерге 1,5 мың сервистік қызмет көрсетілді

Аймақта бизнестегілерге  тегін сервистік қолдау көрсету аясында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Жыл басынан бері орталықта 1,5 мың қызмет көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» деп аталатын төртінші бағыты аясында «Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» компоненті бойынша бизнеске тегін қызмет көрсету үшін облыста кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды.  Сонымен қатар кәсіпкерлер services.atameken.kz. қолжетімді порталы арқылы да өздеріне қажетті қызмет түрлерін ала алады. Нақтырақ айтсақ, бизнес өкілдері портал арқылы

бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізіп, статистикалық есептерді жасауға байланысты қызметтерді алады. Сол сияқты маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына байланысты қызметтер ұсынылып, отандық тауар өндірушіге өндірілетін өнімді өткізуге жәрдемдесу бойынша консультациялар беріледі.

Бүгінгі таңда облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында сервистік қолдаудың 11 менеджер-консультанты жұмыс жасайды. Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша олар 872 клиентке 1092 — офлайн, 282 онлайн қызмет көрсетті. Онлайн қызмет алғандардың ішінде бірегей клиенттер саны — 266, —  дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ләззат Жаманқұлова.

Сервистік қызметтерді алудың барлық мәселелері бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жолығуға болады.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button