Жаңалықтар

Ісмер Іңкәрдің ілкімді ісі 

Бастау

Темір ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Осы орайда «Бастау» жобасы арқылы кәсібін бастап жатқандар да бар. 

Айталық, темірлік жас Іңкәр Мұханова жоғарыда аталған жобаның түлегі. Іскер қыз, сондай-ақ мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында грантқа ие болғандардың бірі. Шұбарқұдық ауылының тұрғыны, кейіпкеріміз бұл туралы:

Мен сияқты жас кәсіпкерге керек жоба деп ойлаймын. Бастапқы капиталға жобаның үлкен септігі тиді. Бұны жас кәсіпкерлерге жасалған нағыз мүмкіндік дер едім, — дейді.

Көрпе-төсек тігумен айналысатын ол қолөнерге бала кезінен қызыққанын, есейе келе соны кәсібіне айналдыруды мақсат тұтқанын айтады. Іңкәрдің қолынан шыққан дүниелердің арасында тек ұлттық бағыттағы ғана емес, әр алуан стильде тігілген бұйымдар бар. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын заттарды да әзірлейді. Тапсырыспен жұмыс істейтін ісмер қиялға ерік беріп, кез келген идеяны қолдайтынын баян етті.

Болашақта үлкен цех ашып, жерлестерін жұмыспен қамтуды армандайтын Іңкәр әзірге дизайнерлік үлгідегі көрпешелеріне  авторлық құқық алу үшін құжаттарын құзырлы органдарға тапсырып қойыпты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button