Жаңалықтар

Ақпараттық сауаттылық — алдыңғы орында

Тікелей эфир

«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Antikor live» жобасы аясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпеновтің қатысуымен тікелей эфир өткізілді. «Тікелей эфирдің басты мақсаты — халық пен билік арасында байланыс орнату, тақырыпқа сай тұрғындардың сауалдарына жауап беру және өңіріміздегі өзекті мәселелер бойынша халықты ақпараттандыру»,— деді аталған кеңсенің баспасөз хатшысы Зульфия Набиулина.

Тікелей эфир барысында басқарма басшысы Президент Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы берілген тапсырмалардың облыс деңгейінде жүзеге асырылуы, мекемелерде орналастырылған мемлекеттік рәміздердің сапасын бақылау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар туралы айтты.

«Елімізде төтенше жағдай режимі, сондай-ақ пандемия кезінде қабылданған шараларды ақпараттандыру, коронавирус инфекциясының қаупі мен санитарлық талаптарды сақтауды түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Есептік кезең басталғалы, яғни 15 наурыздан бастап облыс және қала әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 110 онлайн брифинг өткізілді. Мұндай онлайн брифингтер аудан әкімдіктері тарапынан күн сайын ұйымдастырылуда. Сонымен қатар жергілікті «Ақтөбе» мен «Рика ТВ» телеарналары арқылы 186 «Ақпараттық сағат», «Індет пен міндет», «Әкім сағаты-Час акима» атты тікелей эфир хабарлары ұйымдастырылды», — деді басқарма басшысы А.Көпенов.

Сонымен қатар жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы теміржол вокзалы мен әуежайдағы, қала көшелеріндегі LED-экрандарда, әлеуметтік желілер мен телеарналарда індетпен күресте алдыңғы қатарда тұрған дәрігерлерге алғыс білдіретін, облыс тұрғындарына жанашырлық танытатын мағыналы бейнероликтер таратылып, кеңінен насихатталды.

Басқарма басшысының айтуы бойынша, облыста сыбайлас жемқорлықтың зияндылығы, онымен күресудің жолдарын тұрғындар арасында ақпараттандыру-насихаттау жұмысына өңірдің бұқаралық ақпарат құралдары да белсене араласуда. Басқарманың ақпараттық тапсырысы негізінде облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде «Цифрлық әкімдік», «Өзекті тақырып», «Антикор», «Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес» атты тұрақты айдарлар жарыққа шығуда. Сонымен бірге жергілікті телеарналарда «Сыйлықтан бас тарт!», «Бірыңғай байланыс орталығы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрайық!» тақырыптарында бейнероликтер тұрақты көрсетілуде.

 Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button