Жаңалықтар

Ардагерге құрмет көрсетілді

Мерей

Бейсенбі күні облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпенов облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Құбайдолла Бітіковке көп жылдар еткен еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.

Құбайдолла Бітіков еңбек жолын өзі туып-өскен Қобда өңірінде ауыл шаруашылығы саласынан бастаған. Ол Ырғыз аудандық атқару комитетінің төрағасы, облыстық сүт өнеркәсібі бірлестігінің бас директоры қызметтерін атқарған. Кейінгі жылдары облыстық мүгедектер қоғамында 15 жыл абыройлы еңбек етіп, қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысып, мүмкіндігі шектеулі жандарды жан-жақты қолдау, оларды белсенді тірлікке тарту жұмыстарына ерекше үлес қосты.

Ардагердің осы салада еткен еңбегін ерекше атап өткен басқарма басшысы оған өз ризашылығын жеткізіп, облыс әкімінің арнайы Алғыс хатын табыстап, сый-құрмет көрсетті.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button