Жаңалықтар

Қауіпсіздік шаралары қадағаланды

Полиция қызметкерлері облыс мектептерінде алғашқы қоңырау шарасын өткізу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүргізді.

1 қыркүйек күні облыстың 402 жалпы білім беру мекемесінде оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі берген дерек бойынша, алғашқы қоңырау мерекесін тиісті түрде өткізу мақсатында оқу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып, полицияның кешенді күштерінің жұмысы күшейтілді.

Іс-шара өткізу орындарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері оқушылардың, ата-аналардың қатысуымен түрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып, кешкі уақытта жергілікті рейдтер, көшелерді патрульдеу жұмыстарын жүргізді.

М.ТАБЫН.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button