Білім

Бір топ оқушыға мектеп құралдары табысталды

Мектепке жол

Білім күнінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпенов ата-аналар мен балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жеті оқушыға оқуға қажетті құралдар салынған сөмкелерді табыстады.

— Бұған дейін де осындай шаралар өтіп жатыр. Бұл жолы жағдайын айтып келген ата-аналарға көмектесуді жөн көрдік. Оқу құралдары кәсіпкер Берік Асановтың демеушілігімен  сатып алынды, — дейді басқарма басшысы.

Шараға үйінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған, көпбалалы ата-аналар қатысты.

 А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button