Жаңалықтар

«Халық сауда» алаңы ашылды

Облыста алғаш боп Қобда ауданында «Халық сауда» алаңы ашылды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес салынған алаң Конституция күні қарсаңында қолданысқа берілді.

Қобданың орталығынан ашылған «Халық сауда» алаңы тек кәсіпкерлер үшін ғана емес, қарапайым халық үшін де өте тиімді. Кез келген өз өнімін сатамын дейтін тұрғындар үшін орын тегін беріледі.

—  Жергілікті тауар өндіруші азаматтар өз өнімдерін еш кедергісіз сатуы керек. Бұл облыс әкімінің аудан әкімдері алдына қойған тапсырмасы болатын. Осы тапсырмаға сәйкес ашылған алаңда тауар өндіретін азаматтар үшін де, сатып алатын қарапайым халық үшін де тиімді жақтары қарастырылған. Бұл жерде баға тұрақтылығы басты назарда. Оны аудан әкімінің өзі тікелей қадағалап отырады. Сондай-ақ шаруаларға орын тегін беріледі, — дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабылов.

Айта кетейік, шаруалар енді аптаның кез келген күні «Халық сауда» алаңына келіп сауда жасай алады. Алаң барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс жасап тұр.

Ақерке САТЫБАЛДЫ,

Қобда ауданы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button