Білім

Жаңа оқу жылы басталды

Биылғы 2020-2021 жаңа оқу жылында облыста үш мектеп пайдалануға берілді.

1 қыркүйек – Білім күнінде облыс бойынша 158 481 оқушы жаңа оқу жылын бастады. 1-сыныпқа 17 982 оқушы қабылданды.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, бастауыш сыныптарда 71 029 оқушы болса, оның  63,5%-ы кезекші сыныптарда оқуды бастаған.

Қазіргі таңда облыста 400-ден астам мектеп жұмыс жасауда, оның ішінде 207 мектепте                          1-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта білім алады. Қашықтан оқыту форматында 143 мыңнан астам оқушы оқиды. Облыс мектептерінде 335 жас маман жұмысын бастады. Сондай-ақ биыл облыста жыл соңына дейін 9 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

Білім күнінде Ақтөбе қалалық білім бөліміне қарасты 83 мектепте​ салтанатты жиындар өткізіліп, 1-сыныпқа 9793 оқушы қабылданды. Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында​ «Білімді ұрпақ —​ жарқын болашақ» ұранымен тәрбие​ сағаттары онлайн​ форматта өткізілді.

Барлық мектептерде​ «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл», «​Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы», «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы»​ тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында оқу үрдісінің ерекшеліктері ескеріліп, оқушыларға өз денсаулықтарын күту, сапалы білім алуда жауапкершілікке баса назар аудару қажеттігі ескертілді.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button