Пікір

Жемісті жол — ынтымақ пен бірлік

Гүлсара ИСМАҒАМБЕТОВА, 

Мұғалжар аудандық мəслихаты аппаратының жетекші маманы

— Мемлекет басшысы биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бейжай қалмаған барша азаматтарға «Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын», — деп еңбектерін бағалап, алғыс айтты.

Шартарапты шарлап, халықты әбігерге салған пандемия салдары алпауыт елдердің де экономикасына әсер етті. Әлемдік дағдарыстың біздің елді де айналып өтпейтінін түсінетін ел Президенті өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп нықтады. Қазір ауыл шаруашылығы дамымаса, қала тұрғындарының да күйі кететінін түсінді жұрт. Сондықтан да жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. «Біріміз — бәріміз үшін, бәріміз — біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. «Еңбек бәрін жеңбек».

Мемлекет басшысы «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек» деп, індет екпіні сәл бәсеңдегенімен әлі де босаңсуға болмайтынын тағы да еске салды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button