БілімБасты жаңалықтар

Болашақ ұрпаққа — сапалы тәрбие

1-ші қыркүйек елімізде білім күніне орай Ақтөбе қаладасындағы Рауан елді мекенінде №74 жалпы орта мектеп пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған білім ордасына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы келіп, нысанның құрылыс сапасын бақылап, ата-аналармен, оқушылармен кездесті.
«Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Ауқымды тапсырмалардың бірі қолжетімді, білім сапасын дамыту қажеттігі айтылды. Міне, осы мақсататтарда өңірде бірқатар жұмыстар жасалуда. Болашақ ұрпаққа сапалы тәрбие беру үшін олардың жағдайын жасауымыз қажет. Кең, заман талабына сай бой көтерген білім ошағында білімді, елге қызмет етер азаматтар тәрбиеленеді деп сенемін»,- деді облыс басшысы.
300 орындық мектеп құрылысы 2019 жылдың тамыз айында басталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. 26 оқу сыныбы, информатика кабинеті, шеберхана, спорт залы, асхана, кітапхана, медициналық кабинетпен жабдықталған. Жылу қазандығы автономды және табиғи газбен жылытылады. Мектептің пайдалануға берілуі Рауан елді мекенінің тұрғындары үшін қуанышты жағдай болып отыр. Себебі, ата-аналар балаларын өзге мектептерге автобуспен тасуға мәжбүр болатын.

Облыс басшысы мектеп ішін аралап, кезекшілік режимде білім алуды бастаған 1-ші сыныптағы оқушыларға сәттілік тіледі. Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваға барлық мектептерде қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуын қадағалауды тапсырды.

Ақтөбе облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 3 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы да 9 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын болмақ. Айтып өтейік, өңірде қазір 15 мыңнан астам бала дәстүрлі, 104 мыңнан астам бала қашықтан, 38 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда білім алады. 1-сыныпқа қабылданған оқушылар саны — 18000.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button