Басты жаңалықтарМереке

ҚР Конституциясы күні ұлықталды

30 тамыз — ҚР Конституциясы күні. Осы ұлық мерекеге орай Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі бірқатар қоғамдық бірлестік төрағаларына,  қайырымдылық қорлар басшыларына, еңбек ардагерлеріне «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.

— Әр азаматтың ерік-жігері мен таңдауы заң аясында еркін жүзеге асып, арман-қалауы ардақталған елде ғана саяси тұрақтылық пен бейбіт ахуал орнамақ. Барлық ұлттық құндылықтар мен азаматтық қадір-қасиеттің арқауы, мемлекеттіліктің бастауы мен біртұтастығының қайнары — Қазақстан Республикасының Конституциясы, — деді облыс әкімі.

ҚР Конституциясының орындалуына, азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуына, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Ғалымжан Байдербес, Нағашыбай Шәйкенов атындағы қайырымдылық қорының төрағасы Серожатдин Барышев, облыстық мәслихат  хатшысы Сәния Қалдығұлова , «Ер Бақыт» спорттық- патриоттық клубы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев, «Жергілікті соғыс ардагерлерінің бауырластығы» қоғамдық қорының құрылтайшысы Гумер Галеев, еңбек ардагері  Ғалым Дәулеталин , облыстық  «Атамекен ҰКП» директоры Анар Даржанова сынды жалпы 28 азамат марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button