Әлеумет

«Қайырымдылық керуені»

Ақтөбе қалалық орталық мешіті «Қайырымдылық керуені» шарасы барысында 100 шаңыраққа көмек көрсетті.

Бұл шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Қалалық  орталық мешіттің бас имамы Н.Күзенбаевтың жетекшілігімен қала мешіттері «Қайырымдылық керуені» барысында 100 отбасына жалпы бағасы 553 000 теңге болатын азық-түлік жеткізді. Олар — пандемия кезінде жұмысынан айырылып, көмекке мұқтаж болып отырған отбасылар.

Қайырымдылық шарасында қалалық орталық мешіт — 50 отбасына және  ауылдық «Әс-Сәлам», «Бақытжан», «Досжан хазірет», «Сүлеймен ата», «Қабақ баба» мешіттерінің әрқайсысы 10 отбасына ұн, күріш, шай, қант, май, картоп, пияз, макарон және сүт өнімдері бар азық-түлік қоржындарын таратты.

Қалалық орталық мешіттің бас имамының айтуынша, осы ізгі іс-шараға мешіттер жанындағы еріктілер тобының мүшелерімен бірге, мешіт жамағаты да үн қосып, қолдан келген жәрдемін берген. Қайырымдылық бағытындағы жұмыс жалғаса беретін болады.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button