Білім

Бастауыш сыныпта оқыту ерекшеліктері

«Бастауыш сыныптарда сапалы білім беруде қашықтан оқыту мүмкіндіктері: әдіс-тәсілдер мен тәжірибе». Педагогтердің тамыз кеңесі аясында өткен шара осылай аталды.

Жиынның өтуіне облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйытқы болды.  Шараға өңірдегі 700-ге жуық бастауыш сынып мұғалімі мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері онлайн режимінде қатысты.

Zoom платформасы және облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ютуб каналы арқылы ұйымдастырылған басқосу барысында спикерлер жаңа оқу жылында бастауыш сыныптарды оқытудың ерекшеліктерімен жан-жақты таныстырды. Сондай-ақ ақпараттық технологияларды қашықтан білім беру процесінде қолдану жолдарын түсіндірді.

Шара барысында бастауыш сынып  мұғалімдері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы тренерлерінің, үздік бастауыш мамандарының тәжірибелерімен ой бөлісіп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button