Спорт

Жаттықтырушылар марапатталды

Спорт күні мерекесінде Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары марапатқа ие болды.
Спорт мектебінің директоры Қарасай Омаров ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Құрмет грамотасын дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Аслан Шайхинге, Қазақстандық салалық мəдениет, спорт, туризм жəне ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Светлана Иманқұлованың Құрмет грамотасын еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы Мерейбек Төлешовке табыстады.

 Ж.АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button