Денсаулық

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 2 жағдай тіркелді

(2020 жылғы 22-тамыздағы мәлімет бойынша)

22.08.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 5 жағдай тіркелді. Оның 2-інің клиникалық симптомдары бар, ал 3-і – симптомсыз ауру.

Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындысымен 1998, 1993 жылғы  ер адамдарға COVID-19 диагнозы қойылған. Екеуі де Хромтау ауданынан, КВИ ауру белгілерімен пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

22.08.2020 ж. жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3194 адам(1559 – симптомды, 1635 – симптомсыз) анықталды, жазылып шыққаны – 2959 адам (93 %).

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button