Денсаулық

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 2 жағдай тіркелді

(2020 жылғы 20-тамыздағы мәлімет бойынша)

20.08.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 6 жағдай тіркелді. Оның 2-інің клиникалық симптомдары бар, ал 4-і – симптомсыз ауру.

Диагностикалық  ПТР зерттеулерінің қорытындысымен  1980 жылғы  әйел адамға, 2012 жылғы балаға COVID-19 диагнозы қойылған. Екеуі де Ақтөбе қаласынан, КВИ ауру белгілерімен пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

20.08.2020 ж. жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3187 адам(1557 – симптомды, 1630 – симптомсыз) анықталды, жазылып шыққаны – 2937 адам (92,1%).

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button