Денсаулық

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

2020 жылдың 20-тамызында облыс бойынша COVID-19 инфекциясының 3187 жағдайы тіркелді, оның ішінде 49% ауру белгілерімен (1557) және 51,1% симптомсыз (1630) жағдай. 2937 (92,1%) науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында – 2311 жағдай, оның ішінде (1019 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (9), Алға – 91 (76), Байғанин –  56 (32), Ырғыз – 53 (33),  Қобда 15 (14), Қарғалы –  24 (15), Мәртөк – 47 (27), Мұғалжар – 170 (123), Темір –

87 (158), Ойыл – 21 (11), Хромтау – 81 (43), Шалқар ауданы – 111 (70).

Жалпы тіркелген 3187 науқастың 2,1% (69) сырттан әкелінген, 13,5% (433) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 49,2% (1570) жергілікті жағдайлар және 35% (1115) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 257 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button