БілімБасты жаңалықтар

Облыс әкімдігі бөлген грантты 60 талапкер иеленді

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен 2020-2021 оқу жылына грант бөлу бойынша комиссия отырысы өтті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Комиссия мүшелері жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім алатын грант иегерлерін анықтады. Олардың саны — 60 талапкер («бакалавр» дәрежесі).

Өңірде сұранысқа ие мамандардың мәселесін шешу мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаражат бөліп, мамандарды даярлауға жағдай жасап келеміз. Бұл — талапкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Айта кету керек, жергілікті бюджет есебінен білім алған маман кадр тапшы болған облыстың кез келген елді мекеніне барып, келісімшарт негізінде кем дегенде 3 жыл жұмыс жасауға  тиіс. Яғни жас мамандар жолдамада көрсетілген мекемеде еңбек етуге міндетті, — деді аймақ басшысы Оңдасын Оразалин.

Жалпы, 92 үміткер жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген. Комиссия мүшелері талапкерлердің біліміне, ұлттық бірыңғай тестілеуден  жинаған балдық көрсеткіштеріне басты назар аударды.  Шара нәтижесінде 60 грант дін, кітапхана, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, орман шаруашылығы, құрылыс, педагогика салаларына, оның ішінде орыс тілі, математика, химия, физика мамандықтарына берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button