Денсаулық

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 1 жағдай тіркелді

(2020 жылғы 18-тамыздағы мәлімет бойынша)

18.08.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 5 жағдай тіркелді. Оның 1-інің клиникалық симптомдары бар, ал 4-і – симптомсыз ауру.

Диагностикалық  ПТР зерттеулерінің қорытындысымен  1965 жылғы  әйел адамға COVID-19 диагнозы қойылған. Ол – Қарғалы ауданынан, КВИ ауру белгілерімен пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

18.08.2020 ж. жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3175 адам(1554 – симптомды, 1621 – симптомсыз) анықталды, жазылып шыққаны – 2926 (92,1%) адам.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button