Әлеумет

Мүгедектік мерзімі үш айға ұзартылды

Қайта куәландырудан өтпеген мүгедектерге мерзім 3 айға автоматты түрде ұзартылды.

Ел аумағында карантин шараларының ұзартылуына байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерді қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдады. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін карантиндік шараларды сақтау мақсатында, қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін бір ай бұрын және оның қолданылу кезеңінде (16 ақпаннан бастап 10 мамырға дейін қоса алғанда) және қайта куәландырудан өтпеген мүгедектерге мүгедектік мерзімі қайта куәландырудың белгіленген күнінен бастап 3 айға автоматты түрде ұзартылды.

Мүгедектікті автоматты түрде ұзарту медициналық-әлеуметтік сараптамаға құжаттарды ресімдеу барысында адамдардың жиналуын болдырмауға және азаматтардың ауру жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

В.ВОЛНЕНКО,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

Ақтөбе облысы бойынша департаменті

№3 медициналық әлеуметтік сараптама

бөлімінің бас маманы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button