Денсаулық

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

2020 жылдың 13 тамызында облыс бойынша COVID-19 инфекциясының 3143 жағдайы тіркелді, оның ішінде 49% ауру белгілерімен (1543) және 50,8% симптомсыз (1600) жағдай. 2427 (77,2%) науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында – 2289 жағдай, оның ішінде (1003 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (9), Алға – 90 (76), Байғанин – 56 (32), Ырғыз – 52 (33),  Қобда 15 (14), Қарғалы – 23 (15), Мәртөк – 47 (27), Мұғалжар – 168 (123), Темір – 181 (152), Ойыл – 21 (11), Хромтау – 75 (40), Шалқар ауданы – 106 (65).

Жалпы тіркелген 3143 науқастың 2,1% (69) сырттан әкелінген, 13,5% (427) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 49,3% (1552) жергілікті жағдайлар және 34,8% (1095) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 342 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button