Құқық

Армениядан әкелінген 1000-ға жуық көлік тіркелді 

Облыста 1 маусымннан бастап бүгінге дейін Армениядан әкелінген мыңға жуық автокөлік тіркеуге алынды. Полиция 1 қыркүйекте аталған автомобильдерді тіркеу мерзімі аяқталатынын және тіркелмеген автокөліктердің барлық иелері заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Армениядан облысқа 2 мыңнан астам автокөлік әкелінген. Оның 965-і есепке алынды, бұл жалпы әкелінген автокөліктердің 43%-ы ғана. Азаматтардың автокөліктерді тіркеу жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Бір күнде 60-тан аса автокөлік тіркеуге алынған.

Облыстық полиция департаменті жүргізушілерді өз көліктерін тезірек тіркеуге шақырады. «Өйткені тіркеудің соңғы күндерінде арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында адамдар көп жиналуы мүмкін, бұл бірінші кезекте азаматтарға қолайсыздық тудырады», — дейді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны —  11 946 теңге.  Оған 695 теңге (0,25 АЕК) — тіркеу үшін алым, 3 773 теңге (1,25 АЕК) — тіркеу куәлігі үшін баж, 7 778 теңге (2,8 АЕК) мемлекеттік нөмір үшін баж кіреді.

Тіркеу ережелерін түсіндіру үшін полиция департаментінде 525-100 телефоны бойынша сall-орталық жұмыс істейді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін  жұмыс регламенті өзгерді: қабылдау сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі, сондай-ақ жұмыс күндері жұмыс тәртібі 9.00-ден 17.00-ге дейін ұзартылды.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button