Ауыл

Асфальт төселді

Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің орталығы — Сағашилі ауылының халқы көгілдір отынның игілігін көріп отыр, ауызсу орталықтандырылған.

Алайда бұған дейін ауыл көшесіне тасжол мүлде төселмепті. Құрылғанына жарты ғасыр болған ауылдың бес көшесіне бірдей асфальт төселді. Жол жөндеу жұмыстарын «Қалау+» және «Жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізіп жатыр.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылған. Барлығы 28 адам еңбек етіп жүр. Жоба құны —177 миллион теңге.

Жолдары тегістеліп қалған Сағашилі тұрғындарының алғыстан өзге айтары жоқ.

 Ж.АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button