Жаңалықтар

Суағарлар салынып жатыр

Ембінің көркі енді кіре бастағандай. Тозығы жеткен жолдары жөнделіп, тіпті тротуарлар мен суағарлар салынып жатыр.

Ембі қаласындағы Есет батыр, Зинеш Бралов және Жағыпар Əміров көшелеріне жаяу жүргінші (тротуар) жолы және суағарлар салумен «KND Constructon» ЖШС айналысып жатыр. Тротуарлардың ұзындығы — 2700 метр. Көшедегі жөндеу жұмыстары бір айдан соң аяқталмақ.

Сондай-ақ Ембі қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан нысандардың бірі — жобасы былтыр қолға алынған кәріз жүйесінің суларын тазартатын биологиялық тазарту ғимараты.

Тұрмыстық суларды ағызуға жəне залалсыздандыруға арналған, жабдықтармен жарақтандырылған жерасты инженерлік жұмыстары алдағы 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан жұмыстардың биыл 30 пайызы аяқталады. Келер жылы маусым айында қолданысқа беріледі. Жоба құны — 1 млрд 200 млн теңге.

 Ж.АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button