Басты бет » Білім » Төрт мектеп жөнделді

Төрт мектеп жөнделді

Аудан

Мұғалжар ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 4 білім ордасы күрделі жөндеуден өтті.  

Ембі қаласындағы 40 жылдық тарихы бар №2 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын «Алихан Ойл-З» ЖШС жүргізуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша тозығы жеткен мектепті жөндеуге 247 млн теңге бөлініп, игерілді. Құрылыста жүрген жұмысшылардың 50 пайызы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылды.

1978 жылы пайдалануға берілген Жем қалалық №5 орта мектебіне де осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жүргізілмепті. Жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қолға алынып отыр. Құрылыс жұмыстарымен «Казстрой Магнум» ЖШС айналысуда. Бұл мекемеде 62 жұмысшы еңбек етіп жүр. Оның 31-і жұмысқа аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылған.

Мектепте 270-тен астам оқушы білім алады. Биылғы оқу жылында 24 бала мектеп табалдырығын алғаш аттамақ.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде.

 Ж.АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.