Денсаулық

«Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № ПГСВ-37  қаулысының  күші жойылды деп тану туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

11.08.2020 ж.

Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № ПГСВ-37  қаулысының  күші жойылды деп тану туралы

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесінің 14-тармағы және «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 24-тармағының 11) тармақшасына сәйкес 7 күнде аймақтағы R<1 репродуктивті санының орташа мәніне қол жеткізуіне байланысты,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №ПГСВ-37 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                         Н.А. Беркімбаева                           

Басқа жаңалықтар

Back to top button