Құқық

156 құқықбұзушылық анықталды

Таза Қазақстан

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ішкі істер органдары өз құзыреті шеңберінде экологияны жақсарту, халықтың табиғатқа ұқыпты қарауын әдетке айналдыру, сонымен қатар  экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша 23 шілде мен 30 тамыз аралығында «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шараларын өткізіп жатыр.

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі мен Ақтөбе облыстық жануарлар әлемі және орман шаруашылығы инспекциясы бірлесіп, азаматтарда аңшылық атыс қаруы мен патрондарды, суық қаруды сақтауға және алып жүруге, аң, балық аулау, ағаш кесу құқығына, сондай-ақ барлық биологиялық ресурстар түрлерінің объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғына қатысты анықтау жұмыстарын жүргізді. Кездесулер өткізу барысында карантиндік шараларды сақтау бойынша ережелер түсіндіріліп, ортақ пайдаланылатын орындарды ластамау, қоғамдық орындарда бетпердесіз жүрмеу ескертілді.  Өткізілген алғашқы 10 күндік іс-шараның нәтижесінде барлығы 156 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішкен 21 дерек, белгіленбеген жерде сауда жасаған 1 дерек тіркелді.

С.Жұбанғазин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button